Қазақстандықтардың 89,4%-ы Құрылтай сайлауынан хабардар
Қазақстандықтардың басым бөлігі 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауынан хабардар. Қоғамдық саясат институтының жаңа сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 89,4%-ы алдағы сайлау туралы біледі. Оның ішінде 55,2%-ы сайлау туралы толық ақпаратқа ие болса, 34,2%-ы сайлау өтетіні туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейлі мәлімет білмейтінін айтқан. Зерттеу барысында азаматтардың партия таңдауына әсер ететін негізгі факторлар да анықталған. Респонденттердің 44,4%-ы белгілі бір партияны таңдауда оның бастамаларына берілетін оң баға маңызды екенін айтқан. Ал 29,2%-ы өзін сол партияның тұрақты жақтасы ретінде санайтынын көрсеткен. Сонымен қатар 25,3% азамат елдің болашағын белгілі бір партиямен байланыстыратынын, ал 14,7%-ы партияның сайлаушылармен жұмыс істеу тәсілі ұнайтынын атап өткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы