Құрылтай сайлауы азаматтардың саяси мәдениетін дамыта түседі
Жаңа заң шығарушы органның қалыптасуы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ елдің қоғамдық өміріне бірқатар өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Бір палаталы парламенттік жүйе - мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен жауапкершілігін күшейтеді. Халықаралық сарапшылар алдағы Құрылтай сайлауына қатысты осындай пікір білдірді. Олардың айтуынша, жаңа құрам өзге елдермен парламентаралық ынтымақтастықты дамыта түседі.
Емрах Кая, Түркиядағы Osmaniye Korkut Ata университеті халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы:
Қазақстандағы Құрылтай сайлауы - диалог пен кеңесудің тиімді тетіктерін дамытып, шешім қабылдау жүйесінің сапасын арттыра түседі. Әрі азаматтардың саяси белсенділігін, саяси мәдениетін қалыптастырады. Ішкі, сыртқы саясатта да Қазақстанның тұрақтылығы, мемлекеттік басқарудың тиімділігі аса қажет. Сондықтан заманауи басқару моделі өте маңызды рөл атқарады.
Сергей Мелконян, Арменияның қолданбалы саяси зерттеулер институтының сарапшысы:
Алдағы Құрылтай сайлауы - бес жылға арналған заң шығару тәртібін айқындауы тиіс. Екі палаталы Парламенттен бірыңғай басқару жүйесіне көшу заң шығару үдерісін жеделдететіні анық. Сондай-ақ, қабылданған заңдар үшін кім жауапты екені нақтылана түседі. Құрылтайдың жаңа құрамы – Армения мен Қазақстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға сеп болмақ. Сондықтан біз үшін де бұл саяси науқанның маңызы зор.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05