Өзбекстанмен сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу көзделген
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлерінің басын қосқан бизнес-форум өтті. Жиында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту, инвестиция тарту және бірлескен өндіріс орындарын ашу мәселелері талқыланды. Кездесу аясында кәсіпкерлер арасында жаңа іскерлік байланыстар орнап, өзара ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалды. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді. 2025 жылы өзара сауда көлемі 16,2 пайызға артып, 4,8 миллиард долларға жетті. Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 3,5 миллиард доллардан асқан. Ал биылғы бес айда екіжақты сауда 2,3 миллиард долларға жеткен.
Қанат Шарлапаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:
Сауда айналымы қазіргі таңда 10 млрд долларға жетуі керек. Әрине, сауда жағынан, одан кейін өңдеу өнеркәсібі жағынан екі ел арасындағы әлеует өте зор.
Кездесуде тараптар өндірістік кооперацияны күшейтуге ерекше мән берді. Атап айтқанда, металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, агроөнеркәсіп және өңдеу салаларында бірлескен жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ көлік-логистика бағытындағы цифрлық технологияны енгізу және трансшекаралық сауданы жеңілдету мәселелері қаралды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы