Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Кездесуде холдингтің даму бағыттары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды. Мемлекет басшысына холдингтің инвестициялық және кредиттік портфелі 14,3 триллион теңгеге жеткені, алдағы уақытта оның көлемін 16,5 триллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отырғаны баяндалды. Былтыр холдингтің қолдауымен 77,5 мың азамат баспанамен қамтылып, 77 ірі жоба және 27 мыңнан астам шағын және орта бизнес жобасы қаржыландырылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ азаматтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05