«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
Бүгін «Болашақ ойындарында» Фиджитал-футбол және фиджитал-шутер дисциплиналары бойынша топтық кезеңдегі жарыстар өтіп жатыр. Фиджитал-MOBA бойынша финалдық ойын және үшінші орын сарапқа салынатын матч бар. Айта кетейік, Dota 2 турнирінде қазақстандық Rune Eaters командасы қола жүлде үшін серияның алғашқы картасында Қытайдың Team Resilience командасына есе жіберді. Кездесудің алғашқы картасы 34 минутқа созылды. Матч барысында қытайлық команда біртіндеп басымдыққа ие болып, сериядағы есепті өз пайдасына ашты. Ал, болашақ ойындарының ұйымдастырушыларының айтуынша, онлай трансляциялардың ғана саны көбейіп жатқан жоқ. Стадионға келіп жатқан жанкүйерлердің де қатары күн өткен сайын артып келеді.
Айлана Есбол, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі
дирекциясының баспасөз хатшысы:
Бізде ойындарды онлайн режимде тамашалайтын көрермендеріміз өте көп. Негізгі аудитория осы онлайн форматта, әрине. Бізді 150-ден аса ел көріп отыр. Дегенмен осында келіп жатқан жанкүйерлер өте көп. Әсіресе финалдық ойындар кезінде, тіпті арта түседі.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07