Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды. Жалпы сотқа 10 мыңға жуық ұсыныс жолданды. Оның 4 мыңнан астамы қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға, ал 6 мыңнан астамы пробация есебінде тұрғандарға қатысты. Заң аясында жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс жасап, келтірген залалды толық өтеген азаматтарға рақымшылық жасалады. Ал жемқорлық, экстремизм, педофилия үшін жазасын өтеп жүргендер мен аса ауыр қылмысқа барғандар рақымшылыққа ілікпейді.
Нияз Рыспаев, ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының І орынбасары:
Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды. Босатылғаннан кейін олар әкімшілік қадағалауында болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат жазасын өтеуден босатылды, сонымен қатар 760-тан аса сотталғанның мерзімі қысқартылды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07