Ұлттық архивтің құрылғанына 20 жыл
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады. Айтулы датаға орай елордада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Басқосуда архив ісін дамыту, тарихи мұраны сақтау, құжаттарды цифрландыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ архив саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Мерейтойлық жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат
министрі Аида Балаева қатысып, архив саласы қызметкерлеріне Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Президент архивті ұлттың тарихи
жадын сақтайтын маңызды институт ретінде бағалап, еліміздің тарихи мұрасын
сақтауға қосқан елеулі үлестері үшін сала мамандарына ризашылығын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Архив қорында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдерін айшықтайтын құнды мәліметтер бар. Мекеме мамандары шетелдік архивтерден табылған тарихи жәдігерлерді зерделеп, құнды құжаттарды елге жеткізу жолында елеулі еңбек сіңірді. Соның арқасында архив қоры он төрт ғасырды қамтитын бірегей деректермен толықты. Ұлт шежіресін тереңірек тануға мүмкіндік беретін мұндай игі жұмыстың мәні айрықша екені анық. Бүгінгі басқосуда архив саласын заман талабына сай дамыту жөнінде салиқалы пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылады деп сенемін.
Жиырма жылда мекеме ел тәуелсіздігінің шежіресін қалыптастырып, жетекші
ғылыми орталыққа айналды. Аида Балаева архивтің бүгіні мен болашағы сала
мамандарының қажырлы еңбегіне байланысты екенін айрықша атап өтті. Ұлттық
мұраны жинақтап, ғылыми айналымға енгізуге үлес қосып жүрген қызметкерлерге
алғысын білдіріп, саланың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар
ардагерлер мен мамандарға Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және
ведомстволық наградаларды табыстады.
Майра Есмұханова, сала ардагері:
ҚР Ұлттық мұрағаты ашылғаннан бастап қызмет атқардық. Бүгін сәті түсіп, тарихи-мәдени мекеменің 20 жылдығына орай яғни бүгін министрдің қолынан марапат алған мен үшін мерей. Еңбек етіп, ізденіп, құндылықты сақтаса біздің еліміз – Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей береді. Баршаңызды құттықтаймын. Мен бүгін өте бақытты адаммын.
Биыл архив саласы үшін тағы бір маңызды шешім қабылданды. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев сәуірде мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру
қағидаларын бекітті. Бұл ережелер елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтайтын мекемелердің мәртебесін арттырып, олардың
қызметін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Сонымен қатар архив ісі
мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары да кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.
Ауылдық жерлерде, мекендерде жұмыс жасайтындарға 25 пайыз жалақы өсіру туралы нормасы қабылданды. 2024 жылдан бері архив мамандарына министрлік тарапынан үйлер беріліп жатыр. Оның ішінде ұзақ жылдар қызмет еткен ардагерлерге, көпбалалы отбасыларға беріледі. Биылдың өзінде Алматыдан он қызметкерге үй берілді.
Бүгінде еліміздегі 237 мемлекеттік архивте Ұлттық архив қорының 30
миллионға жуық құжаты сақтаулы. Құжаттарды цифрландыру жұмысы да қарқын алған.
Егер бұған дейін қордың небәрі 3 пайызы цифрландырылса, бүгінде бұл көрсеткіш
26 пайызға жетті. Электронды форматқа 110 миллионнан астам бет көшірілді. Бұл
Қазақстанның тарихи мұрасына қолжетімділікті арттырып, құнды деректерді кеңінен
пайдалануға зор мүмкіндік береді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22