Қарағандыда ауласын ертекке айналдырған шебер тұрады
Қарағандылық шебер өз үйінің ауласын ертегілер еліне айналдырып, ерекше үлгіде сәндеген. Қарапайым құрылыста қолданылатын цемент пен құм қоспасынан отбасы үшін жайлы демалыс орнын және сан түрлі сәндік бұйымдар жасаған. Саздан сарай салуды армандаған ерекше өнер иесімен тілшіміз Жандос Бақытұлы тілдесіп қайтты.
Иә,
бір қараған жанға мұнда бәрі шынайы секілді көрінеді. Алайда мұның артында
үлкен еңбек жатыр. Наталья Евдошенко жеті жылдан бері құм мен цементті серік
етіп келеді. Алдымен қарапайым құмыра жасап, өнердің осы түріне ғашық болған.
Қазір ауласын ерекше стильде сәндеп, ертегілер еліне айналдырып отыр.
Наталья
Евдошенко, шебер:
Мен бұл бағытта арнайы білім алған жоқпын. Анамның өтінішімен алғаш рет қарапайым құмыра жасап көрдім. Содан кейін осы іске қызығушылығым арта түсті. Мұндағы дүниелердің барлығын бірнеше жылдың ішінде өз қолыммен жасадым. Қазір бұл – отбасымыздың ең сүйікті демалыс орны.
Наталья
мектеп кезінен сурет салып, арнайы мектептен білім алған. Кейін қолөнерден қол
үзіп, басқа саланы таңдапты. Алайда бойдағы талант бой бермей, қала ортасындағы
пәтерін сатып жер үйге асыққан. Содан бері саздан сарай саламын деп тыпыршып жүр.
Наталья
Евдошенко, шебер:
Үйімді нағыз ертегілер әлеміне айналдырғым келеді. Қазіргі ең үлкен мақсатым – осы. Осы уақытқа дейін түрлі салада еңбек еттім, жетістікке де жеттім. Енді қалған ғұмырымды өнеріме және өзіме арнағым келеді.
Қолөнер
шебері алдағы уақытта үйін сәндеп, тек содан кейін ғана талантымды табысқа
айналдырамын дейді. Қазірдің өзінде қызығушылар көп. Тапсырыс та жетеді. Алайда
кейіпкеріміздің мақсаты басқа.
Татьяна Ефременюк, анасы:
Бұл өте қиын жұмыс. Бірақ ең бастысы өзіне ұнайды. Осы арқылы жүрегі тынышталып, осы арқылы шабыттанады. Сондықтан барынша қолдауға тырысамын.
Вьетнамдағы
әйгілі «Crazy House» кешені ерекше сәулетімен әлемге танымал. Қарағандылық
шебердің қолынан туған туындылар да сол ерекше стильді еріксіз еске түсіреді. Бір отбасының сүйікті демалыс орыны күні ертең туристер қызығатын ерекше нысанға айналғалы тұр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana Open: Теннисшілеріміз сәтті өнер көрсетуде
05.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен су құбыры тартылады
05.08.2026, 13:17
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай сайлауына дайын
05.08.2026, 13:15
Жол апатының 91%-ы ережені елемеуден болады
05.08.2026, 13:12
Алматыда жүк көліктерін қатаң тексере бастады
05.08.2026, 13:10
Абай облысы Құрылтай сайлауына дайындалуда
05.08.2026, 13:07
ДДСҰ: Эбола вирусымен күресуге қолдау қажет
05.08.2026, 13:05
Онкологиядан болатын өлім-жітім 26,6%-ға төмендеді
05.08.2026, 13:03