Басты Жаңалықтар «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай сайлауына дайын

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай сайлауына дайын

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын мәлімдеді. Коалиция қазір республика бойынша қоғамдық байқаушыларды оқытуды жалғастырып жатыр. Даярлау барысында сайлау заңнамасы, дауыс беру күні учаскелерде жұмыс істеу тәртібі, бақылау нәтижелерін тіркеу және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылған. Бұған қоса барлық өңірге ортақ байқау стандарты енгізілген. Ол әдістемелік құралдар мен практикалық ұсынымдарды біріктіріп, қоғамдық байқаушылардың жұмысын бірыңғай талапқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Ал дауыс беру күні республикалық ситуациялық орталық жұмысын бастап, өңірлерден түсетін ақпаратты жедел қабылдап, қоғамдық байқаушылардың қызметін үйлестіреді.

Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы:
Шамамен 10 мыңнан астам қазіргі таңда еліміздің түкпір түкпірінде байқаушыларымыз оқыту үрдісін бастап кетті. Бұрын соңды өзінің азаматтық қоғамдық белсенділігін танытқан әртүрлі азаматтар. Жасы 18-ге толған. 80 пайызға жуығы олар қоғамдық ұйымның өкілдері. Жұмысшылар да бар, әртүрлі мамандық иелері де бар.


Бөлісу