Алматыда жүк көліктері қатаң тексеріле бастады
Алматыда жүк көліктеріне бақылау күшейтілді. Бір тәуліктің ішінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін 120 рет бұзғаны анықталды. Полицейлер техникалық ақауы бар, сондай-ақ ауаға зиянды қалдықтарды белгіленген нормадан артық шығаратын жүк көліктерін тексеруге кіріскен. Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда бүгінде 48 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген. Жыл басынан бері 16,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. Соңғы тексеріс барысында бір жүк көлігі айып тұрағына қойылды. Тексеру жұмыстары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05