Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады. Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орталығы әл-ауқат индексі рейтингінің жаңа шығарылымын жариялады. Рейтинг елдерді экономикадан бастап азаматтардың жеке бостандықтарына дейінгі ондаған көрсеткіш бойынша бағалайды. Жаңартылған рейтингте Қазақстан әлем бойынша 66-орынға тұрақтады. Осылайша ел посткеңестік Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды. Prosperity Index үш негізгі бағыт бойынша қалыптастырылады. Бірінші бағыт ел экономикасы мен халықтың өмір сүру сапасын қамтиды. Екіншісі азаматтардың жеке бостандықтарының деңгейін бағалайды. Үшінші бағыт қоғамның жай-күйі мен әлеуметтік байланыстардың беріктігін саралайды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05