Басты Жаңалықтар Түркістан облысында Құрылтай сайлауында 952 учаске ашылады

Түркістан облысында Құрылтай сайлауында 952 учаске ашылады

Түркістан облысында Құрылтай сайлауы күні 952 учаске ашылып, 1 миллион 200 мыңнан астам сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Яғни  облыс халқының жартысынан көбі дауыс беру құқығына ие. Қазір маңызды шараға дайындық тыңғылықты жүргізілуде. Сайлау учаскелеріне кіріп-шығу үшін пандустар орнатылып, дауыс беру кабиналары қосымша жарық шамдармен жабдықталып жатыр.  Жалпы науқан кезінде  өңірде 970 учакселік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия мүшелері бүгінге дейін толық арнайы оқудан өткен. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін Түркістан қаласы мен Сауран ауданында жаңадан 4 учаске ашылып, 6 учаскенің шекарасы кеңейтілген. Дауыс берушілердің тізімі 2 тамыз күні учаскелерге таратылып, бүгіннен бастап тұрғындар өз деректерін тексере алады. Сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 31 қоғамдық бірлестік аккредиттелген.


Бөлісу