Астанада Жерұйық саябағы аумағында рейд жүргізілді
Елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті профилактикалық рейд өтті. Бұл жолы тәртіп сақшылары мен аудан әкімдігі өкілдері Жерұйық саябағында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараны Астана қаласы Алматы аудандық Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ұйымдастырды. Рейд барысында қоғамдық орындарды ластаудың алдын алу және тұрғындарға тазалық сақтау талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға заң талаптары ескертілді.
Арсен Серлікбаев, қалалық Полиция департаменті Алматы ауданы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:
Әкімшілік құқық бұзушылығының 505-бабына сәйкес бірінші рет ескерту беріледі. Егер 2-рет қайталанып жатса, әкімшілік құқық бұзушылықтың тармағына сәйкес 2-бөліміне әкімшілік айыппұлға тартылады көлемі – 20 АЕК.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25