«Бейнеу – Сексеуіл» жолы - стратегиялық маңызы зор жоба
«Бейнеу-Сексеуіл» жаңа автожолының маңызы көлік қатынасын жақсартумен ғана шектелмейді. Жол бойында сервистік қызмет түрлері дамып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл өз кезегінде өңірлердің экономикалық әлеуетін арттырып, кәсіпкерліктің дамуына серпін береді, дейді мамандар. Сонымен қатар жүк тасымалының уақыты қысқарып, Ақтау мен Құрық порттарына транзиттік жүк ағыны арта түспек.
Оңайбек Әбділов, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Егемендік алғаннан бері бірде-бір рет осындай тың жол салынбаған екен елімізде және бұрынғы жолдардың бәрі солтүстіктен оңтүстікке қарай болса, бұл шығыстан батысқа қарай салынған жалғыз жол. Сондықтан бұл жолдың маңыздылығы тек қана Маңғыстау емес, Қазақстан емес, жалпы бұл әлемдік дәрежедегі жолға айналғалы отыр. Себебі бұл тек туризм емес, автокөлік логистика емес, бұл өңірлердің дамуына септігін тигізеді.
Махмеден Ғұбашев, жол жөндеу саласының ардагері:
Жол салынып біткеннен кейін жолдың бойында қосымша жұмыс күштері ашылады. Мысалы, айта кетсек, көлік жөндеу орталықтары, тамақтану орталықтары, тағы сол сияқты сервистік қызметтер атқарылады. Бұл жоба Атырау үшін үлкен пайда. Экономика жағынан, жүріс-тұрыс жағынан да үлкен пайда деп есептейміз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындарының» жетінші күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті
05.08.2026, 10:10
Астанада Жерұйық саябағы аумағында рейд жүргізілді
05.08.2026, 10:07
Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылады
05.08.2026, 10:07
Еліміздің 17 өңірі мен астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 10:06
Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
05.08.2026, 10:05
Алматыда жаңа стадионның құрылысы басталды
05.08.2026, 10:04
АҚШ-та қасақана өрт қойды деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды
05.08.2026, 10:04
Түркістан облысында Құрылтай сайлауында 952 учаске ашылады
05.08.2026, 10:03