Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Әлемді елең еткізген өзге де жаңалықтарға қысқаша шолу жасайық.

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 16 адам қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 16-ға жетті. Сонымен қатар 1900-ге жуық адам науқастанды. Елдің оңтүстік-шығысындағы Янгсан қаласында ауа температурасы 42 градустан асып кеткен. Соңғы 122 жылда елде мұндай көрсеткіш алғаш рет тіркеліп отыр.

Жаңа Зеландияны қалың қар басты

Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралына қалың қар жауды. Өңірге Антарктиданың суығы жеткен. Жолдар жабылып, автобустар тоқтап, екпінді желден паром қатынасы да доғарылды. Мектептер де жабық.

Еуроодақ шекара қауіпсіздігін күшейтуге шақырды

Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мигранттар дағдарысынан кейін шекара қауіпсіздігін нығайтуға шақырды. Өткен аптада Мароккодан Испанияның Сеута анклавына шамамен 69 500 мигрант заңсыз барған еді. Испания шекарасында 72 адам, ал Марокко жағында 11 адам қаза тапқан. Бүгін Еуроодақтың ішкі істер министрлері мәселені талқылау үшін шұғыл келіссөз өткізеді.

Мұнай бағасы қайта өсті

Әлемде мұнай бағасы қайта өсе бастады. Ал кеше Дональд Трамптың Тегеранмен арада шұғыл келіссөз өтеді деген сөзінен кейін мұнай 7 пайызға арзандаған еді. Алайда Иран кездесудің болатынын жоққа шығарып отыр. Мұндай мәлімдемелерден соң инвесторлардың келіссөздер келешегіне қатысты күмәні күшейген.


Бөлісу