Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы халықаралық сарапшылардың да назарында. Олар бұл саяси науқанды еліміздегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы деп бағалайды. Сондай-ақ, жаңа заң шығарушы органның құрылуы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, халықаралық серіктестердің сенімін нығайтуға ықпал етеді,- дейді.
Самет Зенгиноғлу, Ақсарай университеті халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы:
Бұл сайлаудың үш негізгі ерекшелігі бар. Біріншіден, жаңа заң шығарушы органға «Құрылтай» атауының берілуі көне түркі және қазақтың дәстүріндегі тарихи сабақтастықтың айқын көрінісі. Екіншіден, бір палаталы Парламент жүйесіне көшу заң шығару үдерісін жеделдетіп, оның тиімділігі мен ықпалын арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, пропорционалды партиялық тізім жүйесі азаматтардың саяси таңдауын Құрылтай құрамында кеңірек көрсетуге мүмкіндік береді.
Эрик Парди, Xena Distribution компаниясының вице-президенті:
Меніңше, 23 тамыздағы сайлау Қазақстандағы конституциялық реформалардың келесі кезеңі. Тиімді әрі жауапты мемлекеттік институттардың қалыптасуы халықаралық серіктестердің сенімін күшейтіп, ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын одан әрі нығайтатын маңызды қадам болмақ.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Судағы қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет
04.08.2026, 20:11