Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалдықтарды бөлек жинауға арналған цифрлық платформа іске қосылды. Жоба мемлекеттік мекемелерден басталып, кейін бизнес пен білім беру ұйымдарын да қамтиды. Сонымен қатар тұрғындар қайта өңделетін пластик пен пайдаланылған аккумуляторларды арнайы Эко-Хабтарға тапсырып, экологиялық бастамаға қатыса алады. Мамандардың айтуынша, мұндай цифрлық шешімдер қалдықтарды сұрыптау көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Серік Әділбаев, Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының басшысы:
Біз экология саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырудамыз. Тұрғындар арасында да көптеген жұмыстар жүргізілді. Қазір Алматы қаласы бойынша қатты қалдықтарды өңдеп, сұрыптау бойынша 18 пайыз болатын болса, осындай бастамалардың арқасында биыл 18 пайыздан 25 пайызға дейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Жастар күнінде» жастар алаңды тазалады
04.08.2026, 17:35
Жапондар Қазақстан өсімдіктерін зерттеп жүр
04.08.2026, 17:30
Фиджитал-футбол: Жерлестерімізді маңызды кездесу күтіп тұр
04.08.2026, 17:27
Жиырмадан аса стример жауапқа тартылды
04.08.2026, 17:25
Абай облысында оңалту орталықтары жұмыс істеуде
04.08.2026, 17:22
Сыр бойында құрылыс қарқынды
04.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 17:17
Жаңа Зеландияға қар жауды
04.08.2026, 17:15