Фиджитал-футбол: Жерлестерімізді маңызды кездесу күтіп тұр
Бүгін Болашақ ойындарының жетінші күні. Кеше басталған Дота додасы әлі жалғасуда. Қазақстандық команда бұл ойын түрінен жартылай финалға шықты. Сондай-ақ көпшілік көптен күткен футбол-фиджитал сайысы да тартысты өтіп жатыр. Дәл қазір әріптесім Ернұр Медет осы аяқдоп бәсекесін тамашалап жүр. Ернұр матчтар қалай өтіп жатыр. Отандық командалардың аяқ алысы қалай?
Ернұр Медет, тілші:
Қайырлы кеш, Шерхан. Фиджитал футбол тартысы қыза түсті. Түсте отандық ЮЕЛ командасы Аргентина өкілдеріне қарсы кездесуде есе жібергенін айтқан едік. Енді шамамен 1 сағаттан соң тағы бір жерлестеріміз Аллюр құрамасы Бразилиялықтарға қарсы ойнайды. Көріп тұрғандарыңыздай жеребе оңай түсіп жатқан жоқ. Бұл елдердегі аяқдоп шеберлері әлемдік аренаға кеңінен танымал. Аллюр әуесқой лигада өз жолын қалыптастырып келе жатқан тәжірибелі команда. Бірақ бразиляда дүние келген балалардың алғашқы қадамы жасыл алаңда жасалатынын естен шығармаған жөн. Бастысы алғашқы монитор алдындағы ойында есепті еселеп алсақ, газон үстінде жеңіске жетуге мүмкіндік бар. Жаңа ғана осы матч туралы бұрынғы кәісби футболшы, қазігі әуесқой лигадағы белді жаттықтырушылардың бірі Бекет Фарухтың пікірін білген едік. Соны эфирге берсек.
Бекет Фарух, жаттықтырушы:
Ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Бұл өте қиын топ. Осыны ұтсақ онда бұйырса финалдамыз деуге болады.
Ернұр Медет, тілші:
Айта кетейік, фиджитал футболдан жүлде жолындағы тартыс 9 тамызға дейін жалғасады. Дәл сол күні турнирдің финалдық кездесуі өтіп, 625 мың АҚШ долларын кім алатыны анықталады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 18:01
«Жастар күнінде» жастар алаңды тазалады
04.08.2026, 17:35
Жапондар Қазақстан өсімдіктерін зерттеп жүр
04.08.2026, 17:30
Жиырмадан аса стример жауапқа тартылды
04.08.2026, 17:25
Абай облысында оңалту орталықтары жұмыс істеуде
04.08.2026, 17:22
Сыр бойында құрылыс қарқынды
04.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 17:17
Жаңа Зеландияға қар жауды
04.08.2026, 17:15