Басты Жаңалықтар Жиырмадан аса стример жауапқа тартылды

Жиырмадан аса стример жауапқа тартылды

Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды. Олар лайк, қаралым мен донат жинау үшін балағат сөз айтып, қауіпті пранк ұйымдастырған. Әдепсіз әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзатындардың арасында Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны бар. Ол сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалды. Ал Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқаны үшін айыппұл арқалады. Тағы бір 26 жастағы Павлодарлық стример рөлде отырып, тікелей эфир жүргізген. Өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірген блогер 20 тәулікке темір торға тоғытылды. Түркістан қаласында да танымал стримерге де жаза қолданылды. ІІМ цифрлық кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Бөлісу