Өткен айда теңге 1,3%-ға нығайды
Шілдеде теңге 1,3%-ға нығайды. Ай қорытындысы бойынша доллар бағамы 473,81 теңгені құрады. Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 8,6 млрд АҚШ долларына, ал орташа күндік көлемі 389 млн долларға жетті. Шілде айында Ұлттық қордан ішкі валюта нарығына 200 млн АҚШ доллары сатылды. Сонымен қатар, бюджетке трансферттер бөлу үшін Ұлттық Банк Ұлттық қордан 500 млн доллар сатып алды. Бұл валюта теңестіру тетігі аясында 2026 жылдың соңына дейін ішкі нарықта біртіндеп сатылады. Тамызда Ұлттық қордан сатылатын валюта көлемі 200-300 млн доллар болады.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыНЫҢ активтеріндегі валюталық үлесті сақтау мақсатында Ұлттық Банк 375 млн доллар сатып алды. Шілде айында валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05