Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалдықтарды бөлек жинауға арналған цифрлық платформа іске қосылды. Жоба мемлекеттік мекемелерден басталып, кейін бизнес пен білім беру ұйымдарын да қамтиды. Сонымен қатар тұрғындар қайта өңделетін пластик пен пайдаланылған аккумуляторларды арнайы эко-хабтарға тапсырып, экологиялық бастамаға қатыса алады. Мамандардың айтуынша, мұндай цифрлық шешімдер қалдықтарды сұрыптау көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Серік Әділбаев, қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы:
Біз экология саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырудамыз. Тұрғындар арасында да көптеген жұмыс жүргізілді. Қазір Алматы қаласы бойынша қатты қалдықтарды өңдеп, сұрыптау бойынша 18 пайыз болатын болса, осындай бастамалардың арқасында биыл 18 пайыздан 25 пайызға дейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05