Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
Оралда жазасын өтеушіден пара алған түрме бастығының орынбасары сотталды. Оған айыппұл салынды әрі мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.
Сотталған Қайсар Құрманов №27 мекеме бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Тергеу мәліметінше, ол жазасын өтеушіден пара алу кезінде ұсталған. Айыпталушы
кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты. Сот шешімімен «майор»
шенінен де айырылды. Сот отырысы ашық өтіп, оған облыстық қылмыстық-атқару
жүйесі департаментінің жеке құрамы, сыбайлас жемқорлық қатері жоғары
лауазымдарда қызмет атқаратын мамандар арнайы қатысты. Мұндағы мақсат –
сыбайлас жемқорлық үшін жазаның қатаң екенін қызметкерлерге ұқтыру, заң
бұзушылықтың алдын алу.
Жәнібек Жармұхамбет, Орал қалалық
сотының судьясы:
Қайсар Серікұлы Құрманов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі жасағаны үшін кәнілі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, судья қызметінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, параның 25 еселенген сомасы 2 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынсын.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05