Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён басшыларды аптап ыстықтан зардап шегіп жатқан адамдарды қорғауға және энергия жүйесіне инспекция жүргізуге шақырды.
Оның сөзінше, ыстықтан қайтыс болғандар саны 16-ға жеткен.
Елдің метеорологиялық басқармасының дерегінше, оңтүстік-шығыстағы Янгсан қаласында ауаның температурасы 42 градустан асып кеткен. Cонымен қатар 1900-ге жуық адам науқастанды.
Айта кетсек, Кореяның ауа райын бақылау тарихында сынап бағанасы соңғы 122
жылда алғаш рет мұндай дәрежеге көтеріліп отыр. Ал Сеулде үлкен кесек мұз 36
минутта еріп кеткен. Мұнда да халыққа ыстықтан сақ болу туралы ескерту
таратылды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06
Несиені мерзімінен бұрын өтегендер сақтандыру ақшасын қайтара алады
05.11.2026, 20:04
Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды
05.11.2026, 20:03
Түрікменстан Президенті Астанаға ұшып келді
05.11.2026, 20:02