Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
Енді Қытайға барсаңыз, ақша айырбастап әуре болудың қажеті жоқ. Үйреншікті QR арқылы төлем жасай аласыз. Қазақстан мен Қытай 2026 жылдың соңына дейін екі елдің QR-төлем жүйелерін біріктіруге келісті. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері хабарлады. Жоба аясында Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы мен UnionPay International QR-төлем инфрақұрылымдарын кіріктірді. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі үш жылдық валюталық своп туралы жаңа келісімге қол қойды. Бұл құжат өзара сауда мен инвестицияны дамытуға және есеп айырысуда теңге мен юаньды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Тараптар цифрлық теңге мен цифрлық юаньды трансшекаралық төлемдерге енгізу жөнінде де келісті. Пилоттық жобалар халықаралық 2026 жылдың соңына дейін іске қосылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы