Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
Моңғолия бүгіннен бастап тамыздың 15-не дейін бензин сатуға шектеу қойды. Дәлірек айтсақ, айдың жұп күндері нөмірі нөлге, екіге, төртке, алтыға, сегізге аяқталатын автомобильдерге ғана жанармай құюға болады. Ал тақ күндері нөмірі бірге, үшке, беске, жетіге, тоғызға бітетін автомашиналарға жанармай сатылады. Мұны осы елдің Индустрия және минералдық ресурстар министрлігі хабарлады.
Айта кетсек, Моңғолияның өзі мұнай кеніштерінен кенде емес. Алайда сол шикізатты өңдейтін зауыт жоқ. Сондықтан бұл мемлекет мұнайын Қытайға сатып, бензиннің 80-90 пайызын Ресейден импорттайды. Ал «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мұнай өңдеу зауыттарының айтарлықтай бөлігі соғыстан қираған Ресей жанармайды тіпті Мароккодан сатып алуға кіріскен.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04