Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы келіссөздер қайта жанданатынын мәлімдеді. Алайда Тегеран бұл ақпаратты бірер саған бұрын жоққа шығарды. Айта кетсек, осыған дейін Құрама Штаттар жетекшісі бейбітшілікке жақындап қалғанын бірнеше рет жариялағанымен, одан соғыс қайта жалғаспаса, біржолата тоқтай қойған жоқ.
Трамп Иранмен келіссөз бастайтынын хабарлағаннан кейін әлем нарығында мұнай бағасы қайта түсіп жатыр. Оның Brent маркасының баррелі бірден 5 пайызға арзандап, 83 доллар 40 центке сатылды.
Газа секторында Израиль әуе күштерінің соққыларынан 18 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде бір отбасының үш мүшесі бар: ер адам, оның жүкті әйелі және 7 жасар ұлы. Палестина денсаулық сақтау өкілдерінің сөзінше, Израиль ұшақтары бүкіл анклавты бомбалаған. Алайда қарсы жақ «Хамастың» командирлерін ғана нысанаға алғанын мәлімдеп отыр.
Грекияда орман өртін сөндіруге тартылған екі тікұшақ әуеде соқтығысып, 2 адам мерт болды. Қаза тапқандардың біреуі – даниялық пилот, екінішісі – гректің өртпен күрес қызметінің байланыс маманы. Ал британдық ұшқыш пен грекиялық үйлестірушінің тірі қалғаны мәлім болып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06
Несиені мерзімінен бұрын өтегендер сақтандыру ақшасын қайтара алады
05.11.2026, 20:04
Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды
05.11.2026, 20:03
Түрікменстан Президенті Астанаға ұшып келді
05.11.2026, 20:02