Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы тұрақты жұмыс істеп тұр. Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның бастамасымен құрылған бұл ұйымдар өмірлік қиындықтарға тап болған жандарға консультативтік көмек береді.
Атап айтқанда, құқықтық, заңгерлік, әлеуметтік жағынан қолдау білдіреді. Ұлттық комиссия отыз жылға жуық уақытта қоғамда отбасы институтын нығайту бағытында орнықты жұмыс істеп келеді. Бұл ретте өңірлік филиалдардың белсенділігі жоғары. «Мерейлі отбасы» байқауы үлгілі әулеттерді көпшілікке танытты. Аналар, әкелер институтын нығайту да күн тәртібінен түскен емес. Әкелер форумы республикалық деңгейге көтерілді. Комиссия аймақтағы Аналар кеңесімен бірігіп, отбасы құндылығын дәріптейтін іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді. Қазір отбасы институтын ғылыми тұрғыда зерттеуге ден қойып отыр.
Елена Тарасенко, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:
Сараптамалық орталықтар құрылды. Отбасы институтын зерттейтін ғалымдар консорциумы жұмыс істейді. Ұлттық комиссия бастамасымен некеге дейінгі кеңес беру ұйымы – пилоттық жобалары ашылды. Бұл жастардың отау құрар алдында кәсіби мамандардан сауатты кеңес алуына сеп болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы