Басты Жаңалықтар Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр

Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр

Ел үкіметі отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтпек. Дәл қазір Үкімет отырысы басталып жатыр. Негізгі тақырып та осы - отандық тауарларды қолдау және ілгерілету.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Жиын енді басталып жатыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгін көлемді баяндама жасайтыны анық. Жалпы, Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдауды экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының біріне айналдырды. Басты мақсат – өндірісті күшейтіп, кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру. Осы бағытта мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңғыртылып, рәсімдеу мерзімі үш есе қысқарды. Ал қазақстандық өндірушілер үшін 50 пайыздық міндетті аванс енгізіліп, келісімшарт талаптары жеңілдетілді. Соның нәтижесінде биылғы алты айдың өзінде отандық кәсіпорындармен 85 миллиард теңгеден астам сомаға 61 мыңнан астам келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар бизнеске әкімшілік қысым азайып, жеңілдетілген қаржыландыру мен мемлекеттік кепілдік құралдары кеңейтілді. Бұл шаралар өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы, биылғы алғашқы жартыжылдықта ел экономикасы 4,1 пайызға өссе, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгеден асты. Бұл көрсеткіштер отандық өндірісті қолдау мен бизнесті дамытуға бағытталған реформалардың нақты нәтиже бере бастағанын көрсетеді. Басқа ақпарат Үкімет отырысында белгілі болады.
Бөлісу