Басты Жаңалықтар Алматы облысында жасөспірімдер қауіпсіздігі күшейтілді

Алматы облысында жасөспірімдер қауіпсіздігі күшейтілді

Алматы облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді. Мәселен, Іле ауданында жыл басынан бері аудан көлемінде 42 рейд өткізіліп, полиция, прокуратура, білім беру ұйымдары мен ата-аналар бірлесіп балалардың қауіпсіздігін бақылауға алған.

Рейд кезінде саябақтар, компьютерлік клубтар мен ойын-сауық орындары тексерілді. Қазір Іле ауданында 67 мыңнан аса кәмелетке толмаған бала бар. Оның мыңы профилактикалық есепте тұр.

Асқар Садықов, Іле ауданы әкімінің орынбасары:

Оның ішінде 500-ге жуық бала жасыл аймақта, 147 бала қызыл аймақта. Қызыл аймақ дегеніміз – бұл заңбұзушылыққа бейім балалар ғой. Жыл басынан бері 42 рейд өткізілді. Бұл апта сайын өтіп жатқан рейдтер. 

Бірлескен профилактикалық шаралар аясында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша 190, ал 442-бабы бойынша 261 әкімшілік хаттама толтырылған.

Алмас Алмабаев, Іле ауданы прокурорының орынбасары:

Жиі қылмыстар болатын елді мекендерге баса назар аударамыз. Ол жақта тұрғындармен кездесулер өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Біздің басты мақсатымыз – құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. 

Полицейлердің айтуынша, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі жиі тіркеледі.

Берік Дәкеев, облыстық ПД басқарма басшысының орынбасары:

Жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі жиі кездеседі. Ойын-сауық орындарында болуы жиі орын алып тұрады. 03:29+++03:53 Бес мыңнан аса жасөспірімнің құқықбұзушылығы анықталып, жолы кесілді. 

Шараның басты мақсаты – айыппұл салу емес, құқықбұзушылықтың алдын алу, – дейді ұйымдастырушылар. Бұл бағытта ата-аналармен, мектептермен және құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеу жалғаса бермек.


Бөлісу