Шымкентте тыйым салынған жерде шомылғандар жазаланды
Шымкентте тыйым салынған жерде суға түскені үшін 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір қаладағы су айдындарында бақылау күшейтіліп, рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шомылу маусымы басталғалы ересектердің қарауынсыз қалған екі бала суға батып, көз жұмды. Құтқарушылар түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, арнайы белгіленген жерлерде ғана шомылу қажеттігін ескертеді. Шаһар аумағындағы 2 өзен мен 34 каналдың тек үш жерінде ғана шомылуға рұқсат бар.
Асқар Шәріп, қалалық ТЖД ресми өкілі:
Суға көбіне кетіп жатқан – балалар. Сондықтан демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек. Баланың қауіпсіздігі тікелей ата-ананың міндеті. Сондықтан да демалыс кезінде ата-ана баланы қараусыз қалдырмауы керек. Сондай-ақ ересек азаматтар суға шомылу кезінде алкогольдік ішімдік ішпеуі керек. Тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылу керек.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05