Премьер-министр ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен кездесті. Тараптар мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру және инвестициялық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Үкімет басшысы компанияның Қазақстанның мұнай-газ секторына қосып жатқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Ал Дэн Амман компанияның алдағы жоспарларын таныстырып, Қазақстандағы жұмысын ұзақ мерзімге жалғастыруға дайын екенін растады. Кездесуде заманауи технологияларды енгізу, өндіріс тиімділігін арттыру және геологиялық барлау жұмыстарын дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05