Басты Жаңалықтар Стратегиялық маңызы бар үш автожол құрылысы басталды

Стратегиялық маңызы бар үш автожол құрылысы басталды

Президент «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына пәрмен берді. Мемлекет басшысы «Бейнеу – Сексеуіл» бағытының стратегиялық маңызына тоқталып, бұл жол ел өңірлері арасындағы байланысты күшейтіп, Қытай мен Еуропаны жалғайтын маңызды көлік дәлізіне айналады деді. Жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейінгі жүк тасымалы шамамен 1 мың шақырымға қысқарып, жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін азаяды. Президент бұл бастаманың экономикалық және стратегиялық маңызын атап өтіп, «Бейнеу – Сексеуіл» бағытын «Арал-Каспий магистралі» деп атау орынды екенін айтты. Жаңа көлік бағыты республикалық, өңірлік және халықаралық деңгейде маңызды инфрақұрылымдық жоба болмақ. Сонымен қатар Президент жалпы ұзақтығы 774 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Бөлісу