«Болашақ ойындары»: Бүгін фиджитал-баскетбол бойынша финалдық матч өтеді
«Болашақ ойындарында» фиджитал-баскетбол дисциплинасында Ресейдің төрт командасы жартылай финалға шықты. Бірінші Triada және Wilders клубтары сайысты. Тартысты ойында 26:34 есебімен Wilders ұжымы басым түсті. Екінші жұп – Dangerous клубы мен
LIGA PRO TEAM командасы болды. Есеп - 26:30. Осылайша LIGA PRO TEAM және Wilders командалары финалға шықты. Шешуші ойын бүгін өтеді. Ал Triada және Dangerous клубтары үшінші орынға таласады. Бұл матчтар бүгін кешкі сағат 18:00 шамасында «Qazaqstan» спорт кешенінде басталады.
Сергей Козлов, спортшы:
Бәрі тамаша. Турнирді ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Бізге бәрі ұнап жатыр. Барлығы өте жинақы, сапалы істелген. Бүгін жақсы ойын көрсеттік, финалда жеңіске жетеміз деген ойдамын.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05