Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
Елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі теміржол саласында бүгінде 119 мыңнан аса адам еңбек етеді. Соған қарамастан, компанияда 3,5 мыңға жуық бос жұмыс орны бар. Кадр тапшылығын азайту үшін ұлттық компания жастарды тартуға басымдық беріп отыр. Жыл сайын өндірістік тәжірибеден 4 мыңға жуық студент өтеді. Олар оқуын аяқтаған соң жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Мамандардың айтуынша, теміржол – еңбек тұрақтылығы мен әлеуметтік кепілдігі жоғары, кәсіби дәстүрі қалыптасқан сала. Сондықтан жас мамандарды ерте кезеңнен бейімдеп, болашақ кадр қорын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Сарапшылар бұл кадр тапшылығын азайтып қана қоймай, теміржолдағы мамандықтардың сабақтастығын сақтауға мүмкіндік беретінін айтады.
Алма Сәулебаева, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ адами ресурстар басқару департаментінің hr бизнес –серіктесі:
Теміржол саласы ең тұрақты салалардың бірі. Сондықтан осында 100 жылдан, бір ғасырдан аса тарихы бар, біздің өзіміздің мәдениетіміз бар. Балаларды, жастарды өзімізге шамамыз келгенше тартып, шақырып, қолдан келер жұмыстарды, шараларды ұйымдастырып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы