Басты Жаңалықтар Теміржолшылар құрметке бөленді

Теміржолшылар құрметке бөленді

Тамыз айының алғашқы жексенбісі – теміржолшылардың кәсіби мерекесі. Атаулы күнге орай Оралда салтанатты жиын өтіп, сала үздіктері мен еңбек ардагерлері құрметке бөленді.

Теміржол – ел мен елді, қала мен даланы жалғайтын маңызды көлік желісі. Соңғы жылдары елімізде саланы жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Отандық кәсіпорындарда заманауи вагондар, қуатты тепловоздар мен электровоздар шығарылып, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту қолға алынды. Мәселен, биыл өңірде бірден төрт теміржол бекеті күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Аталған нысандар жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтерді. Бұл сондай-ақ логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге де ықпал етеді.

Гүлжан Аманова, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС персонал менеджері:

Теміржолда еңбек етіп келе жатқаныма 20 жылдан асты. Менің жұбайым, ұл-қыздарым да осы саланы таңдаған. Бір сөзбен айтқанда, біз – еңбек әулетіміз. Біз үшін теміржол – жай ғана жұмыс орны емес, ол – өмір салтымыз, отбасы құндылығымыз, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адал еңбек пен жауапкершіліктің нышаны. Осы салада еңбек ете жүріп, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз.
Бөлісу