«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі аясындағы Battle Royale – PUBG жарысы бүгін де жалғасуда. Онда қазақстандық команда да сынға түсіп жатыр. Тілшіміз Айжан Иманғали виртуалды ойын бәйгесіндегі соңғы ақпаратпен бөліседі.
Айжан Иманғали, тілші:
Дәл қазір осы Beeline Arenaда әлемнің ең мықты командалары плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін тартысты ойынды жалғастыруда. Финал ертең болады. Ал қазір, міне, 16 команда өз өнерлерін көрсету үшін барын салып жатыр. Арасында қазақстандық команда да бар. Алғашқы матчтардың қорытындысы бойынша турнирлік кестеде әзірге Эниуанс ледженд, севенти геймиңг және гига испортс командалары көш бастап тұр. Дегенмен, қазір шешуші ойындар болып жатыр, онда әрбір ұпай командалардың турнирлік кестедегі орнын өзгертуі мүмкін. Жарыстың бір ерекшелігі - алғашқы матчтарда сәтсіз ойын көрсеткен команда қайта қалпына келіп, ойын нәтижесін жақсарта алады. Жалпы, PUBG вертуалды ойынында қарапайым атыстан бөлек, геймерлер көптеген стратегиялық тапсырмаларды орындайды.
Санжар Қалиев, «DIGA Esports» командасының ойыншысы:
Жақсы ойын нәтижесін көрсетеміз деп үміттенеміз. Барынша тырысудамыз. Жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Олардың қолдауы біз үшін маңызды. Бұл менің үлкен турнирге алғаш рет қатысуым. Әрі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін.
Айта кетейік, Елордада өтіп жатқан фиджитал спорт пен дәстүрлі спорт ұштасқан әлемдік «Болашақ ойындары-2026» турнирі 9 тамызға дейін жалғасады. Оған 34 елден 800 спортшы қатысуда. Спортшыларға сәттілік тілейміз!
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05