Әлем чемпиондары елге оралды
Бұл - семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан ерлер құрамасының елге оралған сәті. Гонконгта өткен Әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткен спортшыларды, әуежайдан жанкүйерлер мен туған-туыстары және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды. Чемпиондық жолда ұлттық құрама Финляндия, Өзбекстан, Дания және Мысырды жеңіп, финалда Украинаны құрамасынан 45:40 есебімен басым түсті. Құрама сапында Руслан Кұрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов бар. Осы тарихи жеңістің нәтижесінде ұлттық құрама әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді.
Ерлік Сертай, Семсерлесуден Әлем чемпионы:
10 жыл дайындалған шығармыз. Алдыңғы жылы қола алдық, биыл алтын алдық. Ол бапкерлердің кәсібилігі және спортшылардың профессионализмі. Жанкүйерлердің қолдауы бар. Қаншама адам келіп, бізді қолдап жатыр. Ол бізге күш-қуат береді. Біздің көңіл-күйімізді көтереді. Ал көңіл-күй спортшы үшін жарыста өте маңызды.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05