Жетісу облысының жүргізушілері 170 мыңнан астам жол ережесін бұзған
Жетісу облысының жүргізушілері жыл басынан бері 170 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзған. 600-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 66 адам қаза тапты. Мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алған.
Ережені елемегендердің көбі жылдамдықты асырып, жолақпен дұрыс жүрмеген, жол белгілерінің талаптарын сақтамаған. Жүгенсіз жүргізушілерді анықтау үшін өңірде рейдтік шаралар күн сайын ұйымдастырылып жатыр.
Полиция жүргізушілерге жылдамдықты асырмау, қарсы бағытқа шықпау және жол ережесін сақтаудың маңызын түсіндіруде. Әсіресе туристік маусымда Алакөл мен Балқаш бағытындағы көлік ағыны көбейетіндіктен, автожолдардағы бақылау күшейтілді.
Ермек Макашев, облыстық ПД ППБ командирінің орынбасары:
Ең басты мәселе – заң мен тәртіп. Біздің талап ететініміз – жүргізушілеріміздің жолда жүрген кезінде жол қозғалысы ережесін бұзбай, қатаң сақтап жүруі. Біз Жетісу облысында көбінесе қарама-қарсы бағытқа шығу және жылдамдықты асыру деректерін тіркеп отырмыз.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06