Жыл басынан бері 13 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Қарағанды облысында жарты жылдың ішінде 13 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Соның арқасында жұмыссыздық деңгейі 4 пайызға дейін азайды. Бұл еліміздегі ең төмен көрсеткіштердің бірі дейді мамандар. Жыл басынан бері мансап орталығына 33 мыңнан астам тұрғын жүгінген. Оның көбі - 35 жасқа дейінгі азамат. Жұмыс іздеген адамдар үшін жастар практикасы, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстар, сондай-ақ субсидияланатын жұмыс орындары секілді бағдарламалар қарастырылған. Одан бөлек «Алтын жас» жобасы арқылы былтыр 500 адам жұмысқа тұрса, «Күміс жас» арқылы 2000-нан аса тұрғын еңбек етуде. Бүгінде өңір бойынша 13 мансап орталығы жұмыс істеп тұр.
Нұржан Сыздықов, облыстық Еңбек мобильділігі орталығының басшысы:
Жұмыс істеп жүрген адамға, жұмыс істеймін деген адамға, уақытша жұмыс іздегендерге жұмыстар жасалып жатыр. Бүгінде жұмысқа қамтылғандардың 5700-і жастар. Оның 3200 тұрақты, 2000 уақытша жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06