Басты Жаңалықтар Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты

Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты

Оралда тұңғыш драматург, ағартушы, қоғам қайраткері Ишанғали Меңдіхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған жинақ жарыққа шықты.

«Музей мұрасы» сериясымен алғаш рет жарық көрген бұл жинақ облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құнды құжаттар мен фотосуреттер негізінде құрастырылған. Ишанғали Меңдіханов XIX ғасыр соңында қазіргі Бөкей ордасы ауданында туып, Орда мектебінде, Орынбор мұғалімдер семинариясында білім алған. Кейін мұғалім, тілмаш, тілші болып, басқару қызметтерін де атқарады. Қазақ халқының мүддесін қорғаған ашық пікірлері үшін қызметінен алынып, қуғын-сүргінге ұшырайды. Оның әр жылдары жазылған «Үйшік-үйшік», «Ғалым иесі», «Байғұстар», «Малдыбай», «Тамырлар» атты пьесалары әуелі Орда халық театрында, кейін Уфа, Қазан, Ташкент, Орынбор қалаларының сахнасында қойылған.

Қазбек Құттымұратұлы,журналист, өлкетанушы, жинақты құрастырушы:

Ишанғалидің еңбегін зерттеген Мұстафа ағай, Мұстафа Смағұлов деген ғалым ең бірінші зертеген. Ол кісі көп мақала жазады 1969 жылдан бастап «Қазақ әдебиетіне». Оны ақтау өте қиын болады. Кейін Исатай Кенжәлиев - тарихшы ғалым, одан соң Мақсат Тәж-Мұрат ағамыз Ишанғали Меңдіханов туралы көп зерттеулер жазды. Тарихта да, қазақтың мәдениетінде, әдебиетінде де орны бар қоғам қайраткері.
Бөлісу