Елімізде базалық мөлшерлеме 16,75 пайызға төмендеді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті. Банк төрағасы бұған инфляцияның төмендеуі, экономиканың тұрақты өсімі себеп болғанын айтады. Сонымен қатар инфляцияның тоғыз ай қатарынан баяулауы да әсер еткен. Маусымдағы бұл көрсеткіш 10,3%, ал мамырда 10,4% болған. Экономикада да ілгерілеу бар. Биыл алғашқы жартыжылдықта елдің жалпы ішкі өнімі 4 пайыздан аса өсті.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Биылғы жартыжылдық қорытындысына сәйкес ЖІӨ 4,1, инвестиция 9,6 пайызға өсті. Теңге бағамы тұрақты, тұтынушылардың сұранысы жүйеленді. Осының бәрі базалық мөлшерлемені төмендетуге әсер етті. Алдағы шешімдер инфляция деңгейін, экономикалық көрсеткіштерді және әлемдік нарықтағы жағдайды ескере отырып қабылданады. Келесі базалық мөлшерлеме бойынша ұйғарым 4 қыркүйекте жарияланады.
Ұлттық Банк төрағасының айтуынша, базалық мөлшерлеменің төмендеуі несие нарығына әсер етуі мүмкін. Бірақ ол бірден байқалмайды деді. Дегенмен соңғы 3 жылда автонесие портфелі шамамен 60 пайызға өскен. Ал тұтынушылық несиелердің өсімі 30%.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
04.09.2026, 20:15
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05