Жаңа Салық кодексіне түзетулер мен толықтырулар енгізу тетіктері талқыланды
Бүгін Астанада Салық кодексіне енгізілетін түзетулер мен толықтырулар талқыланды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен жұмыс кеңесіне Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің өкілдері, Мемлекеттік кірістер комитеті мен бизнес қауымдастық қатысты. Кездесуде 13 шілдеде Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсе отырысында ұсынылған өзгерістер қаралды. Атап айтқанда, кәсіпкерлерге тауарларды міндетті таңбалауға арналған жабдыққа салықтық шегерім беру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қосылған құн салығын қайтарудың бұрынғы тетігін қалпына келтіру және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты салықтық нормаларды жетілдіру мәселелері сөз болды.Ұсыныстар қазір бизнес қауымдастығымен пысықталып жатыр. Осыдан кейін Үкіметтің қорытынды ұстанымы әзірленіп, заң жобасы күзде Құрылтайға жолданады.
Тимур Жаркенов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
Бүгінде бизнес қауымдастықтың пікірін ескере отырып, Үкіметпен келісілген ортақ ұстаным қалыптасты. Мақұлданған өзгерістердің бір - тауарларды міндетті таңбалауға арналған жабдыққа жұмсалған шығындарға 150 пайыздық салықтық шегерім беру. Бұл бизнестің осы бағытта белсенді жұмыс істеуіне ынталандырады. Тағы бір маңызды мәселе - Үкіметпен келісім нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қосылған құн салығының бұрынғы тетігін қайта енгізу туралы ортақ шешімнің қабылдануы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы