Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
Ranking.kz мәліметінше, БҰҰ Даму бағдарламасының 2025 жылғы баяндамасында (2023 жылғы деректер негізінде) Қазақстан 193 елдің ішінде 60-орынға жайғасқан. Қазақстанның адам даму индексі 0,837-ні құрап, өте жоғары деңгейіне жетті.
Бұл - ТМД мен Орталық Азия елдері арасындағы ең үздік нәтиже. Рейтингте одан кейінгі орындарға Ресей (0,832 және 64-орын), Беларусь (0,824 және 65-орын), сондай-ақ Армения (0,811 және 69-орын) жайғасты. Адам дамуының деңгейі жоғары елдер тобына Әзербайжан, Молдова, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан да кірді.
- Адам дамуының индексі (Human Development Index, HDI) - әртүрлі елдердегі кешенді көрсеткіштерді салыстыру үшін БҰҰ Даму бағдарламасы әзірлеген жиынтық көрсеткіш. Ол үш негізгі бағытты ескереді: ұзақ әрі салауатты өмір сүру, білімге қолжетімділік және экономикалық тұрғыдан лайықты өмір сүру деңгейі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06