Басты Жаңалықтар Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді

Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді

Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді

Қазақстан Орталық Азиядағы ең тұрақты инвестициялық нарық рейтіндегі өз  айқындамасын үнемі нығайтып келеді. Мамыр айындағы SafestCountriesforInvestors 2026 рейтингісіне сәйкес, республикамыз 70-орынды иеленген. 2025 жылдың қазан айымен салыстырғанда өз айқындамасын айтарлықтай жақсартып, 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға жайғасты. Бұл нәтиже елдің экономикалық тұрақтылығына және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, институттарды дамыту және қолайлы инвестициялық ахуал жасау саясатының тиімділігіне деген халықаралық сенімнің артуын көрсетеді. Бұл ретте Қазақстан өңірдегі көшбасшылығын сақтап, барлық Орталық Азия елдерінен, сондай-ақ ірі экономикасы бар бірқатар елдерден асып түсті.

Бұл рейтингтің ерекшелігі - тартылған инвестиция көлемін емес, экономика мен мемлекеттік институттардың ұзақмерзімді тұрақтылығы тұрғысынан инвестициялық қауіпсіздік деңгейін бағалайтындығында.

Бөлісу