Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған үш жоба іске қосылды
Елімізде ауыл шаруашылығын цифрландыру мен климаттың өзгеруіне бейімдеу бағытындағы үш жаңа халықаралық жоба іске қосылды. Бүгін Астанада ауыл шаруашылығы министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бірлесіп жүзеге асыратын серіктестік бағдарламаларының таныстырылымы өтті. Жоба аясында шегірткелердің таралуын дрондар мен жасанды интеллект арқылы ерте анықтау жүйесі қолданысқа енгізіледі. Бұдан бөлек, топырақтағы органикалық көміртек қорына бақылау жүргізу жүйесі құрылып, шаруалардың жер ресурстарын тиімді басқаруына мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту да көзделіп отыр. Жаңа бастамалар агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға бағытталған.
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Әр бағыт бойынша пилоттық жобалар қарастырылатын болады. Әр фермерлердің ауыл шаруашылық аймақтарында осы жобаларды енгіземіз. Қаншалықты нәтижелі екенін көреміз. Егер нәтижелі болса, барынша шаруаларға тарататын боламыз. Екіншіден тұқым шаруалығы бойынша, біз жаңа отандық сорттарды шығарғанда бірінші шаруаларға қолданысқа беретін боламыз. Үшінші, карбон егін шаруашылығы деп жатырмыз. Шаруалар бидай және ауыл шаруашылығын сатып қоймайды, сонымен карбонды кредиттерді сатудан табыс табады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы