Басты Жаңалықтар Қазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды

Қазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда барлық көлік түрі бойынша 979,4 млн жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.

Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1%-ға артып, 45,3 млрд жолаушы-километрді құрады. Жолаушылар тасымалының басым бөлігі автомобиль көлігіне тиесілі болды - 962,7 млн адам.

Алты ай ішінде теміржол көлігімен 9,2 млн, әуе көлігімен 7,4 млн, теңіз көлігімен 14 мың жолаушы тасымалданды.

Жолаушылар айналымының ең жоғары өсімі Қостанай облысында тіркеліп, 62,7%-ды құрады. Сондай-ақ Алматы қаласында - 22,3%, Ақмола облысында - 20,6%, Шымкент қаласында - 19,2% өсім байқалды.

Сонымен қатар жүк тасымалы да артты. Қаңтар-маусым айларында жүк айналымы 2%-ға өсіп, 255,8 млрд тонна-километрге жетті.

Жүк айналымының ең жоғары өсімі Жетісу облысында (16,3%) және Абай облысында (12,2%) тіркелді.


Бөлісу