Басты Жаңалықтар Йемендік хуситтер Сауд Арабиясын теңіз блокадасына алғанын жариялады

Йемендік хуситтер Сауд Арабиясын теңіз блокадасына алғанын жариялады

Иранға жақтас йемендік хуситтер Сауд Арабиясын теңіз блокадасына алғанын жариялады. Кейбір бақылаушылардың ойынша, мұның нәтижесінде Таяу Шығыстағы соғыста екінші майдан ашылуы мүмкін.

Шииттік қозғалыстың мәлімдемесінен кейін Саудия үкіметі Баб-әл-Мандеб бұғазынан өтетін кемелерді қорғауды күшейтіп жатыр. Айта кетсек, Иран соғысы салдарынан Ормұз бұғазы жабылғандықтан, Сауд Арабиясы үшін Баб-әл-Мандеб мұнай экспорттайтын негізгі жолға айналды.

Ал қайта басталған АҚШ-Иран қақтығысы бүгін оныншы күнге ұласты. Пентагон Ислам Республикасының армиясын әлсірету үшін оның командалық орталықтарына, теңіздегі нысандарына, зымыран ұшыратын қондырғыларына, әуе қорғанысы жүйесіне соққы беріп жатыр. Бұған жауап ретінде Иран қарулы күштері Американың Кувейт пен Бахрейндегі әскери нысандарына және екі мұнай танкеріне шабуыл жасаған.


Бөлісу