Енді дәрігерлер өңірлердің сұранысына сай оқытылуы мүмкін
Енді дәрігерлер өңірлердің нақты сұранысына қарай даярлануы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа қағидалар жобасын әзірледі. Құжат медициналық жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар мен қабылдау орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік бермек. Есептеу кезінде халық саны, олардың денсаулық жағдайы, аурухана мен емханалардың инфрақұрылымы және кадр жетіспеушілігі мәселесі назарға алынады. Жоба алдымен қоғамдық талқылауға шығарылды. Ұсыныстар 3 тамызға дейін қабылданады.
Бағжан Мұхамедбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департамент директорының орынбасары:
Бұл болжамды С.Қайырбеков атындағы Ұлттық ғылыми зерттеу орталығы жүргізеді. Сол есепетеулер нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын бекітіп отыратын болады. Жыл сайынғы халық санының өзгеруі , кадрлардың келуі, кетуі деген секілді ескере отырып жыл сайын бекітіп отырамыз. Мысалы Алматының мектеп бітірген түлегі М.Оспановқа түсетін болса, ол түсер алдында біледі. Қай өңірге арналып бөлінген грант кейін бітіріп шыққаннан кейін сол өңірге жұмыс істеуі қажет болады. Себебі бұл республикалық бюджеттен бөлініп отырған қаражат сол өңірге барып қызметін атқаруы керек.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06