QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды
Елімізде креативті индустрияны дамытуға бағытталған тағы бір маңызды жоба қолға алынды. Қазақстанда шығармашылық саланың өкілдеріне арналған бірыңғай QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды.
Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға бағытталған жұмыстар қарқын алып келеді. Соның бірі – QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасының іске қосылуы. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Платформа шығармашылық саласында еңбек ететін мамандарды бір ортаға біріктіріп, олардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік ұсынады.
Маңғыстау облысында халықаралық «Armour of God: Ultimatum» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Бұл – ел киноиндустриясы үшін тарихи маңызы бар жобалардың бірі. Басты рөлдердің бірін әлемге әйгілі актер Джеки Чан сомдайды, ал түсірілім жұмыстары халықаралық шығармашылық топтың қатысуымен жүзеге асырылмақ. Жобаның ашылу салтанатында фильм режиссері Роберт Кун мен Джеки Чан кино әлеміндегі дәстүрге сай арнайы кинотарелканы сындырып, түсірілімнің басталғанын жариялады. Фильмнің негізгі көріністері Маңғыстау өңірінің жауһары саналатын Бозжыра шатқалында түсіріледі.
Қазақстандық әнші Ақерке Амалят Беларусьтің Витебск қаласында өткен XXXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылары байқауында жеңіске жетті. Ақерке Амалят 19 елдің қатысушылары бақ сынаған халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетіп, бірінші орын алды. Ол екі күндік сайыста 134 ұпай жинап, Италия өкілі Сораяға бір ұпай есе жіберіп,бірінші жүлде иегері атанғаны хабарланған
Еліміздің бірқатар аймағында егін орағы басталды. Атап айтсақ, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда егіс алқаптарының өнімділігі едәуір артқаны байқалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы