Басты Жаңалықтар Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты

 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға немесе 5,6 мың тоннаға артық.

Отандық өнімге сыртқы нарықтағы сұраныс та артып келеді. Биылғы бес айда қазақстандық өндірушілер шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбені экспорттады. Қазақстандық өнім Ресей, Қырғызстан және Армения нарықтарында тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар экспорт географиясы кеңейіп, Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі артты. Сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасына алғашқы экспорттық партиялар жөнелтілді.

Өндіріс көлемінің ұлғаюы импорттың қысқаруына да әсер етті. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2%-ға төмендеді.

Ішкі нарықта да сұраныс өсіп келеді. 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға артқан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы маусымда сүзбенің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмына 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавлда тіркеліп, бір килограмы 1 661 теңге болса, ең жоғары баға Жезқазғанда байқалды – орташа есеппен 3 060 теңге.


Бөлісу